4 тұрғын үйдің құрылысы басталды, 2 тұрғын үйдің іргетасы қаланды.
Әйтеке би көшесі бойындағы коммерциялық үй-жайлары бар 9 қабатты тұрғын үй кешенінің құрылысы бойынша («Unicom Building» ЖШС) эскиздік жоба дайын, объектінің аумағын инженерлік-геодезиялық ізденістер орындалды, ЖСҚ 50%-ға дайын.
Шағын ауданда көпқабатты үйлердің құрылысы бойынша Самал («Unicom Building» ЖШС) ЖСҚ 50%-ға дайын (жер учаскесінің конфигурациясы өзгертілді).
Атырау қаласындағы Зарослый тұрғын үй алабында жоспарланған 90 жеке тұрғын үйдің ішінен «РусСа Групп» ЖШС 20 үй іске қосылды, 20 үйдің іргетасы қаланды.
«Атырау облысы, Атырау қаласы, Жұбан Молдағалиев көшесі, 33а мекенжайы бойынша коммерциялық үй-жайлары бар тұрғын үйді салу және пайдалану» жобасы бойынша «Ansar Group» ЖШС құрылыс орнында орналасқан ескі ғимаратты бөлшектеу және ҚМЖ басталуы жоспарлануда.
«Riverside Residents» тұрғын үй кешенінің құрылысы аясында «Bayterek Building» ЖШС жер асты автотұрағының, коммерциялық қабаттың құрылысы жүргізілуде, 1-ші тұрғын қабаттың құрылысы басталды.
Орындалуда
«Атырау» ӘКК жерлерін бөлу есебінен жеке құрылыс компанияларының тұрғын үй салуы
- Орналасқан жері: Атырау қаласы, Жоба қатысушысы: әкімдік, «А-Кұрман Құрылыс Групп» ЖШС , Орындалу мерзімі: 2021-2023 жылдар, Жоба құны: БК, 2021 жылға – 4 540,0 млн. теңге, 2022 жылға-17 500,0 млн. теңге, 2023 жылға – 14 600,0 млн. теңге