Арнайы экономикалық аймақтың аумағында интеграцияланған газ-химия кешенін салу

  • Орналасқан жері: «ҰИМХТ» АЭА аумағында, Жоба қатысушысы: ЭМ, «ҚМГ «ҰК» АҚ «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС, Орындалу мерзімі: 2018-2022 жж., Жоба құны: БК– 2021 жылға 304 561,0 млн. теңге, 2022 жылға 45 532,0 млн. теңге, Жоба мақсаты: Пропанды шикізат ретінде пайдалана отырып, газхимиялық кешенде полипропилен өндірілетін болады.

орындауға жауапты – ЭМ, «ҚМГ «ҰК» АҚ (келісім бойынша) орындау мерзімі – 2021-2022 жылдар, қаржыландыру көздері БК– 2021 жылға 304 561,0 млн. теңге, 2022 жылға 45 532,0 млн. теңге)
Инвестор – «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС. 
«Қуаттылығы жылына 500 мың тонна Полипропилен» жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары (бұдан әрі – ҚМЖ), оның ішінде технологиялық жабдықтар мен құбыржолдарды монтаждау аяқталды. Бүгінгі таңда технологиялық бірізділікті ескере отырып, нысандарды кезең-кезеңмен іске қосуды көздейтін іске қосу-реттеу жұмыстары басталды. 
2022 жылғы 1 сәуірде полипропилен өндіру жөніндегі газ-химия кешенінде компрессордың газ турбинасы іске қосылды. Жабдықты іске қосу зауыттағы іске қосу-жөндеу жұмыстарының маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады. 
Іске асыру мерзімі 2022 жылғы қыркүйекте.
Орындалуда