«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер, жиырма тоғыз жастан аспаған, оның ішінде жұмыс тәжірибесі жоқ NEET санатындағы жастар қатарындағы жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз адамдар үшін ұйымдастырылады.
2022 жылы Атырау облысы бойынша «Алғашқы жұмыс орнына»
91 адамды орналастыру жоспарланды.
Жергілікті бюджеттен субсидиялаудың бір айдағы мөлшері отыз айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескергенде) құрайды.
Күні бүгінге 72 жастар аталған жоба шеңберінде жұмысқа орналысып, жұмыс тәжірибесімен айналысуда, олар мектептерге және жеке кәсіпорындарына орналастырылды.
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы жастарға жұмыс тәжірибесін жинақтап, тұрақты жұмысқа орналастыруға мүмкіндіктер береді. Орындалуда
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналастыру
- Орналасқан жері: Атырау облысы, Жоба қатысушысы: Еңбекмині, әкімдік, Орындалу мерзімі: 2021-2025 жылдар, Жоба құны: ЖБ, 2021 жылға – 16,1 млн. теңге, 2022 жылға – 66,9 млн. теңге