Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігі 2025 жылға дейін «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобаны жасақтады.
Жобаға Атырау облысы бойынша құрылысы қажет ететін (апатты және үшаусымды оқытудың мәселесін шешуге мақсатталған) мектептердің құрылысы енгізілді.
Оның ішінде:
1. Атырау қаласында 300 орындық №1 М.Жұмабаев атындағы орта мектептің құрылысын салу. Құрылысы басталды. Жауапты Атырау облысы Құрылыс басқармасы;
2. Жылыой ауданы Құлсары қаласында 300 орындық Абай атындағы №5 орта мектептің құрылысын салу. Құрылысы жүргізілуде, жауапты Атырау облысы Құрылыс басқармасы;
3. Индер ауданы Есбол ауылында 320 орындық орта мектептің құрылысын салу. Құрылысы жүргізілуде, жауапты Атырау облысы Құрылыс басқармасы;
4. Махамбет ауданы Махамбет ауылында 300 орындық интернаты бар, 600 орындық орта мектептің құрылысын салу. Құрылысы жүргізілуде, жауапты Атырау облысы Құрылыс басқармасы;
5. Исатай ауданы Түшықұдық ауылындағы Мырзағалиев атындағы орта мектепке 350 орындық жапсаржайдың құрылысын салу. Құрылысы жүргізілуде, жауапты Атырау облысы Құрылыс басқармасы;
6. Атырау қаласы Нұрсая ықшам ауданында 2000 орындық орта мектептің құрылысын салу. Құрылысы жүргізілуде, жауапты Атырау облысы Құрылыс басқармасы, Атырау облысы Білім беру басқармасы, жеке кәсіпкер ЖШС «BINOM»;
7. Атырау қаласы Сары-Арқа ықшам ауданында 2000 орындық орта мектептің құрылысын салу. Құрылысы жүргізілуде, жауапты Атырау облысы Құрылыс басқармасы, Атырау облысы Білім беру басқармасы, жеке кәсіпкер ЖШС «BINOM».
8. Атырау қаласы Жаңаталап ауылында 300 орындық орта мектептің құрылысын салу. Құрылысы жүргізілуде, жауапты Атырау облысы Құрылыс басқармасы;
9. Атырау қаласы Дамбы ауылында 300 орындық орта мектептің құрылысын салу. Сот процесі жүргізілуіне байланысты, құрылысы уақытша тоқтатылды. Жауапты Атырау облысы Құрылыс басқармасы;
10. Атырау қаласы Балауса ықшам ауданында 600 орындық орта мектептің құрылысын салу. Құрылысы жүргізілуде, жауапты Атырау облысы Құрылыс басқармасы;
11. Атырау қаласындағы №3 мектеп-гимназияның жанынан 500 орындық жапсаржайдың құрылысын салу. ЖСҚ жасақталуда. Жауапты Атырау облысы Құрылыс басқармасы;
12. Атырау қаласындағы №16 мектептің жанынан 500 орындық жапсаржайдың құрылысын салу. ЖСҚ жасақталуда. Жауапты Атырау облысы Құрылыс басқармасы;
13. Атырау қаласындағы №17 мектептің жанынан 500 орындық жапсаржайдың құрылысын салу. ЖСҚ жасақталуда. Жауапты Атырау облысы Құрылыс басқармасы;
14. Атырау қаласы Еркінқала-2 ауылында 600 орындық орта мектептің құрылысын салу. ЖСҚ жасақталды, РБ 800,0 млн.теңге бөлінді. Жауапты Атырау облысы Құрылыс басқармасы;
15. Атырау қаласы Тасқала-2 ауылында 600 орындық орта мектептің құрылысын салу. ЖСҚ жасақталды, РБ 800,0 млн.теңге бөлінді. Жауапты Атырау облысы Құрылыс басқармасы;
16. Индер ауданы Индербор кентінде 200 орындық интернаты бар, 300 орындық орта мектептің құрылысын салу. ЖСҚ жасақталды, РБ 800,0 млн.теңге бөлінді. Жауапты Атырау облысы Құрылыс басқармасы;
17. Атырау қаласы Бірлік-2 ауылында 600 орындық орта мектептің құрылысын салу. ЖСҚ жасақталды, РБ 800,0 млн.теңге бөлінді. Жауапты Атырау облысы Құрылыс басқармасы;
18. Атырау қаласы Көктем-2 ықшам ауданында 600 орындық орта мектептің құрылысын салу. ЖСҚ жасақталды, РБ 800,0 млн.теңге бөлінді. Жауапты Атырау облысы Құрылыс басқармасы;
19. Атырау қаласы Жұлдыз-2 ықшам ауданында 600 орындық орта мектептің құрылысын салу. ЖСҚ дайын, құрылысын бастау қажет. Жауапты Атырау облысы Құрылыс басқармасы;
20. Атырау қаласы Жұлдыз-3 ықшам ауданында 600 орындық орта мектептің құрылысын салу. ЖСҚ дайын, құрылысын бастау қажет. Жауапты Атырау облысы Құрылыс басқармасы.
Қалған мектептердің құрылысын салу бойынша жер телімдері нақтыланып жатыр.
Облыстағы апатты және үшаусымды мектептердің орнына жаңа мектептердің құрылысын салу арқылы, облыстағы мектептердегі орын тапшылығы бойынша мәселелер толықтай шешімін тауып, оқушылардың білім алуына қолайлы жағдай жасалады деп күтілуде.