Жылыой ауданында биыл 81 жоба мақұлданды

Аудан бойынша 6980 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген болса, оның ішінде заңды тұлғалар 819, жеке кәсіпкерлер 5, шаруа қожалықтар 385. Ал жалпы жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 6468.  
 
-«Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы шеңберінде 2022 жылдың 1-қазанға несиелердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау үшін 2 миллиард 611 миллион теңге құрайтын 81 жоба мақұлданды. Ал 27 кәсіпкердің несиелерінің пайыздық ставкасына кепілдендіру берілді,- деді Ж.Қаражанов. 
  
Оның айтуы бойынша жыл басынан бері Аграрлық несие корпорациясы арқылы ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту мақсатында шаруа қожалықтарына 8 техникаға несие берілген.