Цехтың құрылысы заманауи инженерлік жоба бойынша қарастырылған. Яғни жары сэндвич-панельден, керамзит тастан, төбе шатыры металлопрофильден, металокаркас материалдарынан құрастырылған. Бүгінде 30 қызметкер мен 3 техника жұмыс істеуде. Цехтың жер көлемі 1220 гектар.
- Балық өндеу цехында 4 мұздатқыш, салқындатқыш құрылғысы арқылы тәулігіне 30 тонна балық қабылдап, өнделеді. Өңдеу технология жұмысы – сұрыптау, аралау, жуу, тазарту және салқындату, мұздату, тұздаудан тұрады. Салынатын инвестиция көлемі 500 млн теңгені құрайды. Жоба қуаты жылына 1500 тонна балық өнімдерін өндей алады. Цехта 104 тұрақты, 50 адам уақытша жұмыс жасайды,- деді А.Сәдібекұлы.
Айта кетейік, инженерлік жоба бойынша балық өңдеу цехының жұмысы осы жылдың соңына дейін толық аяқталады деп күтілуде.