Атырауда келер жылы 9 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға беріледі

Биыл денсаулық сақтау саласы бойынша 9 нысанға құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның үшеуі демеушілік қаражатынан, алтауы жергілікті бюджет есебінен салынбақ. Бұл құрылыс нысандары 2023 жылы пайдалануға беріледі.

-Келер жылы Атырау қаласынан жоғары технологиялы медициналық техникамен жарақтандырылған онкологиялық диспансер жанынан радиологиялық корпус және онкологиялық диспансер салу жоспарланып отыр. Мақсат - облыс халқына уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсету. Нысан НКОК компаниясы қаражаты есебінен салынады. Сондай-ақ Атырау қаласынан 150 орындық мүгедектерге арналған оңалту орталығының құрылысын бастау жоспарланып отыр,-деді Қ. Нұртаев.