Ойыл өзенінде «Ералы» су торабы жүйесін реконструкциялау және жаңғырту

  • Орналасқан жері: Ойыл өзенінде «Ералы» су торабы , Жоба қатысушысы: әкімдік, Орындалу мерзімі: 2022, Жоба құны: 551,6 млн. теңге, Жоба мақсаты: Қызылқоға ауданындағы суармалы жерлер мен суармалы жайылымдарды сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін реконструкциялау және жаңғырту қажет.

Су торабы жүйесінің жылдар бойы жұмысы нәтижесінде «Ералы» су торабы жүйесінің кейбір бөлігі жарамсыз күйде. Каналдың беткейлерін қамыс басып, бүлінген. Соның салдарынан болжамды су шығынын өткізу қиынға соғады. Қолданыстағы қалқымалы сорғы станцияларының тозығы жеткен, қалқымалы сорғы станцияларының корпустары мүлдем жарамсыз, жөндеуді қажет етеді.  Су торабы көктемгі өр суларын Ойыл өзені жағасындағы суармалы шабындық жерлерге таратуға және өзеннің жобалы су деңгейін сақтауға бағытталған.

1.Жұмыстың жалпы құны – 551,6 млн. теңге. 
2.РБ бөлінгені –  бөлінбеген.
3.ЖСҚ болуы: жасалған, мем.сараптама   №04-0045/21,   16.02.2021 жыл.

Реконструкциялау жұмыстарына 2022 жылы қажетті қаржы – 551,6 млн. теңге. Қазіргі уақытта республикалық коммуналдық меншікке беру жұмыстары атқарылды. Қаржыландыру жасалмаған. 

Су торабы жүйесін реконструкциялау және жаңғырту жұмыстарын жасауға республикалық бюджеттен қаржы бөлуді талап етеді.